Тұщықұдық мектебінің қалыптасу тарихы

Тұщықұдық мектебінің алғашқы іргетасы 1928 жылы қаланды. Алғашқы мұғалім Мақтанов Сартан ашқан. Алғашқы оқушылары 5-6 бала болды. Жалидше алфавитпен оқытылды. 1930 жылы Тұщықұдықта 1-басқыш мектеп ашылды. Оқытушысы- Мыңбай Еркеламанов. Латынша алфавитпен оқытылған мектептің 1-сыныбына 8-15 жас арасындағы балалар қабылданды. 1931 жылы Ақшақұдықтағы Нәрік молданың үйі, 1933-34 жылдары Ержан молданың үйі мектеп болды. 1935 жылы Тұщықұдықта Айдар-Ишан мешітінің жанынан мектеп салынып, ол 7 сыныптан тұрды. Тұщықұдық мектебі 1942-1943 оқу жылында орта мектеп болып бекітілді. 1954 жылы кішігірім мектептер жабылып,Тұщықұдық мектебі ірілендіріліп, 1956жылы Сталин атындағы орта мектеп болып қайта құрылды. Осы жылы мектеп құрылысы көктемде басталып,қараша айында іске берілді. Мектепке 1993 жылы Сәттіғұл Жанғабылов ескерткіші орнатылды. Орта мектептің алғашқы директоры Ғайнибай Аманғосов болды. Содан кейін Жұбаназар Байназаров, Аралбай Қуанбаев,Бисенғали Әбілдіков,Қойлыбай Қаражанов,Сұлтан Рысбаев,Ордалы Мұханов, Жамбыл Нәубетов, Көшкінбай Жұмағалиев, Қайрат Дәрібаев, Аманқұл Тұяқов,Сағынжан Әшіров директор болып жұмыс істеді. 1976 жылы халық ақыны Сәттіғұл Жанғабыловтың есімін беруге үкім шығарылып бекітілді. 1976 жылдан бастап Тұщықұдық мектебі Сәттіғұл Жанғабылов атында. 2008 жылы мектептің 80 жылдық мерейтойы тойланды. Мектептің педагогикалық ұжымы білікті маман кадрлармен толықтырылған! Мектеп басшысы-тәжірибелі ұстаз Б.Себепбай. Қазір мектепте 499 бала оқып білім алуда. 

Жарияланған күні: 05-05-2015  

Соңғы жаңалықтар

Аудандық информатика пәні мұғалімдерінің олимпиадасы

Аудандық информатика пәні мұғалімдерінің олимпиадасына мектебіміздің жас маманы информатика пән ...

30 қараша 2018
Аудандық "Абай оқулары" байқауы

Аудандық "Абай оқулары" байқауында "Өлең - сөздің патшасы сөз сарасы" бағыты бойынша мектебіміздің ...

29 қараша 2018
Бокстан Маңғыстау облысының ашық турнирі

20.11-24.11.2018 ж аралығында өткен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында қазақ халхының батырлары Иса Ті ...

26 қараша 2018
"Зерде" республикалық конкурсының аудандық кезеңі

Экология, волеология секциясы бойынша мектебіміздің 3 сынып оқушысы Бектұрған Жайдары ІV орынға ие ...

23 қараша 2018

Мобильное приложение для родителей

Разработано для родителей с целью предоставления им возможность отслеживания успеваемости своего ребенка в школе

Play Market App Store

Мобильное приложение для учителей

Разработано для учителей с целью предоставить им возможность управлять учебно-образовательным процессом в школе

Play Market App Store

Информационное приложение управления образования

Официальный интернет-ресурс управления образования Мангистауской области

Play Market App Store

Приложение для обращений граждан

Направлено на борьбу с коррупцией и выявление фактов нарушений в образовательных учреждениях Мангистауской области

Play Market App Store