Әдістеме —педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту Әдістемелері бар.

Қазақ халқында балалардың тілін сындыру,сауат ашу, шешен сөйлеуге баулу әдістемелерінің ұлттық дәстүрлері ежелден болған. Алайда ғалымдар ғылымы әдістеме тарихын Ыбырай Алтынсарин еңбектерінен бастап жүр. Оның “Орыс тілін қазақтарға үйретудің бастауыш құралы” деп аталатын еңбегі қазақ топырағында туған тұңғыш әдістемелік еңбек болып табылады. 20 ғасырдың басында Ахмет Байтұрсыновосы дәстүрді тереңдетіп, “Баяншы”, “Тіл жұмсартар деп аталатын әдістемелік кітаптар жазды.

Осы кезеңнен бастап,қазақ әдістеме ғылымы жан-жақты дамып, сан салалы зерттеулерге ұласты. Жеке пәндерді оқытудың әрбір кезеңдегі (бастауыш кластар,орта мектеп, жоғары оқу орындары т.б.) әдістемелері жасалып, олардың жеке бөлімдері бойынша берілетін білім мен дағдыларды меңгертудің тиімді жолдары зерттеле бастады.

Әдістеме ғылымы тек тәрбие туралы ілім— дилактикаға ғана негізделіп қоймайды. Ол психология,педагогика,физиология т.б. ғылымдардың жетістіктеріне сүйеніп,білім беру жүйесіндегі озат тәжірибелер мен мәселелерді жедел ғылым талдаудан өткізіп отырады. 

Жарияланған күні: 05-05-2015  

Соңғы жаңалықтар

Аудандық информатика пәні мұғалімдерінің олимпиадасы

Аудандық информатика пәні мұғалімдерінің олимпиадасына мектебіміздің жас маманы информатика пән ...

30 қараша 2018
Аудандық "Абай оқулары" байқауы

Аудандық "Абай оқулары" байқауында "Өлең - сөздің патшасы сөз сарасы" бағыты бойынша мектебіміздің ...

29 қараша 2018
Бокстан Маңғыстау облысының ашық турнирі

20.11-24.11.2018 ж аралығында өткен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында қазақ халхының батырлары Иса Ті ...

26 қараша 2018
"Зерде" республикалық конкурсының аудандық кезеңі

Экология, волеология секциясы бойынша мектебіміздің 3 сынып оқушысы Бектұрған Жайдары ІV орынға ие ...

23 қараша 2018

Мобильное приложение для родителей

Разработано для родителей с целью предоставления им возможность отслеживания успеваемости своего ребенка в школе

Play Market App Store

Мобильное приложение для учителей

Разработано для учителей с целью предоставить им возможность управлять учебно-образовательным процессом в школе

Play Market App Store

Информационное приложение управления образования

Официальный интернет-ресурс управления образования Мангистауской области

Play Market App Store

Приложение для обращений граждан

Направлено на борьбу с коррупцией и выявление фактов нарушений в образовательных учреждениях Мангистауской области

Play Market App Store